Transparency Kazakhstan сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектепті өткізу жөнінде хабарлайды, оның шеңберінде тыңдаушыларға мыналар ұсынылады:
*сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибеге шолу;
*қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына шолу;
*сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар;
* тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықтың нақты мысалдары;
*сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін жою үшін пайдалануға болатын стратегиялар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектептің аудиториясы. Шақырылады:
Журналистер, құқық қорғаушылар, ҮЕҰ өкілдері, келісім-қызметтер, студенттер арасындағы белсенділер, оқытушылар, қала құраушы және ірі кәсіпорындардың заңгерлері, әкімдер мен мәслихат депутаттары.
Шектеулер: жоқ.
Қатысу: тегін.
Күні мен уақыты: тұңғыш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп Қазақстанның барлық аймақтарында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі:
7 шілде-Нұр-Сұлтан қаласында,
8 шілде – Көкшетау қаласында,
10 шілде – Петропавл қаласында,
12 шілде - Қостанай қаласында,
14 шілде - Ақтөбе қаласында,
16 шілде - Орал қаласында,
18 шілде - Атырау қаласында,
20 шілде - Ақтау қаласында,
23 шілде - Қызылорда қаласында,
24 шілде - Түркістан қаласында,
26 шілде-Шымкент қаласында,
27 шілде - Тараз қаласында,
29 шілде - Алматы қаласында,
30 шілде - Талдықорған қаласында,
1 тамыз-Өскемен қаласында,
3 тамыз – Семей қаласында,
4 тамыз - Павлодар қаласында,
6 тамыз - Қарағанды қаласында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектептің сессиялары:
1-ші сессия. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық жүйесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясы. Еуропалық Кеңестің сыбайлас жемқорлығы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясы. Еуропалық Кеңестің сыбайлас жемқорлығы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциясы. ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары. Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (СЖҚМТ). Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі. Эгмонт тобы (ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі бастама). Өндіруші салалардың айқындық бастамасы. Ашық үкіметтің серіктестігі. Халықаралық рейтингтер. Сыбайлас жемқорлықты трансшекаралық тергеу. Халықаралық сыбайлас жемқорлық істерінің ең әйгілі мысалдары. Оффшормен күрес.
2-ші сессия. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық жүйесі
Не үшін Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қажет? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия. Сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттік органдар. Халықаралық міндеттемелер. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін жазалау. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша статистика. Коррупционердің әлеуметтік портреті. Сыбайлас жемқорлықтан келген залал. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттің негізгі іс-шаралары. Ең әйгілі сыбайлас жемқорлық істері.
3-ші сессия. Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуы
Қоғамның және биліктің өкілетті тармағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуын заңнамамен реттеу. Азаматтардың сыбайлас жемқорлықпен күресуке дайындығы. Азаматтар үшін сыбайлас жемқорлыты мәселе ретінде қарау. Азаматтық бақылау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Парламенттің рөлі. Мәслихаттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қоғамдық кеңестердің рөлі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ҮЕҰ рөлі. Азаматтық қоғамның заң шығару процесіне қатысуы, бюджет процесіне қатысуы, ақпарат алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізуі бойынша мүмкіндіктері.
4-ші сессия. Бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу түсінігі, міндеттері. Бизнестегі саясаттың комплаенсі. ИСО 37001 Халықаралық жемқорлыққа қарсы стандарты. ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары. Дүниежүзілік экономикалық форумның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әріптестігі (PACI). Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі Transparency International. Шетелдегі сыбайлас жемқорлық туралы АҚШ заңы. Трансұлттық компаниялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты. Бизнес қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттаудың әлеуметтік және менталдық факторлары. Мүдделер қақтығысы. Бизнес өкілдері жасаған әйгілі сыбайлас жемқорлық істерінің мысалдары. Саясаттағы келісімді жүзеге асыруға қойылатын талаптар. Корпоративтік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындау мониторингі.
Өтінім беру:
https://forms.gle/Ce6DTMPmQFLG5qj38