Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда
Қазіргі таңда Академия халықаралық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді және іс басындағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білім алуына жауап беретін Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Академияның жұмысы мемлекеттік аппаратқа стратегиялық және инновациялық тұрғыда ойлай білетін, және, сәйкесінше, бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі күннің де міндеттерін шеше алатын кадрларды дайындауға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы еңбек өтілі 1 жыл+ мемлекеттік қызметшілерді магистратураның 11 бағдарламасының немесе докторантураның 4 бағдарламасының біріне грантқа түсуге шақырады.
Академиядағы оқу қандай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады?
МАГИСТРАТУРА (1 жылдық оқу)
• MPM Мемлекеттік менеджмент (ыңғайлы оқу кестесі)
• MDPA Цифрлық мемлекеттік басқару
• MACP Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
• MPPL Мемлекеттік саясат және құқық
• MPP Мемлекеттік саясат (ағылшын тілінде оқытылады)
• MHRMАдами ресурстарды басқару
• MIR Халықаралық қатынастар
МАГИСТРАТУРА (2 жылдық оқу)
• MPP Мемлекеттік саясат
• MPA Мемлекеттік басқару
• ME Экономика
• MRD Өңірлік даму
ДОКТОРАНТУРА (3 жылдық оқу)
• DPA Мемлекеттік басқару
• DE Экономика
• DIR Халықаралық қатынастар
• EDPM Мемлекеттік менеджмент
Мемлекеттік қызметшілер үшін Академияда оқудың артықшылықтары:
• Академиядағы оқу уақыты мемлекеттік қызмет өтіліне есептелінеді.
• Академияда білім алушылар соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы мөлшерінде стипендия алады.
• Академияда білім алушылар Maxwell School of Citizenship and Public Affairs – Сиракуз университеті (АҚШ), DBB академиясы (Берлин, Германия), Вена дипломатиялық академиясы (Австрия), Эстон дипломатия мектебі, Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебі (БАӘ), Нидерландтық «Clingendael» Халықаралық қатынастар институты (Нидерланды), сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде білім алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
• Білім алушылар Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы зерттеу орталықтарының жұмысына қатыса алады, мемлекеттік сектордағы жобалық менеджмент бойынша сертификатталған сарапшылардың жетекшілігімен өз жобаларын құрып, іске асыра алады.
Академияға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі
• Өтініш
• Білім туралы құжаттың көшірмесі (қосымшаларымен бірге)
• IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу нысаны
• Еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін қызмет тізімі немесе басқа тұлғалар үшін еңбек кітапшасының көшірмесі)
• 086-У нысанындағы медициналық анықтама
• Мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілер үшін)
• Магистратура бағдарламасының үміткерлері үшін – мотивациялық эссе және бағдарлама бойынша эссе, докторантура бағдарламасының үміткерлері үшін – мотивациялық эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердің тізімі (бар болған жағдайда)
Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 12 шілдесіне дейін, APTIS тестілеуі – 2019 жылдың 17–18 шілдесінде жүргізіледі.APTIS тесті төрт тілдік дағды бойынша тапсырмаларды қамтиды: айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. APTIS тестін ұйымдастыру мен өткізуді Британ кеңесі жүзеге асырады, бұл процестің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Академияның мемлекеттік қызметшілердің ІТ-құзыреттілігін дамыту үшін заманауи цифрлық платформасы, озық материалдық-техникалық базасыбар, ал оқу үдерісін ұйымдастырудың өзі цифрлық және интерактивті оқыту технологияларын барынша қолдануға негізделген. Академияның профессор-оқытушылар құрамы штаттағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардан шақырылған оқытушылар-практиктерден тұрады, олар министрлер, министр орынбасарлары, әр түрлі департаменттердің директорлары, елшілер және т.б.
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу туралы толығырақ ақпаратты www.apa.kz сайтынан және +7 (7172) 75 33 95 телефоны немесе admissions@apa.kze-mail адресі арқылы білуге болады.